С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен өткізілген кездесу
13 қазан күні С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен өткізілген кездесу өткізілді. Бұл оффлайн үгіт-насихатқа 11 сынып оқушылары түгел қатысты. Кездесу барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен — 1930 жылы негізі қаланғанҚазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш.International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.
