09
қыркүйек
2019
№38 орта мекте бойынша үйірме жұмыстарының ұйымдастырылуы.

Осы мәселелерді шешуде, мектебіміз 2019-2020 оқу жылына мынандай мақсат қойып отырмыз: «Үйірмелер негізінде тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлға дамыту». Шығармашыл тұлға тәрбиелеуге тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби атқаруда мектептің әдістемелік кеңесі мен үйірме жетекшілеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық. Сол себептен мектептің үйірме жетекшілеріне алдына мынадай мақсаттар мен міндеттер қойылды:
• Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, үйірме тәрбиесінің жаңа технологиясын жинақтап, насихаттап оны оқушылардың меңгерулеріне көмектесу, әр үйірме мұғалімдері оқушыларға жетекшілік жасау.
• Оқушыларды әр-түрлі байқауларға дайындау және қатыстыру.
Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында мектепте әр-түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мектебімізде 22 үйірме бар. Олар: домбыра, хореография, вокал, логика, ұлттық ойындар, баскетбол, шебер қолдар, көркем жазу, ұлттық ойындар, зерттеу-жобалау іс-әрекетінің негіздері, тіл сауаттылығы, ұлттық дүниетаным, занимательная грамматика, волшебный мир красок, тоғызқұмалақ, шахмат, робототехника, жеңіл атлетика,волейбол, асық ату, сахна өнері, футбол,Smart-sarbaz, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмыс істейді.