Жамбыл облысы ІІД бөлімінің қызметкерлермен кездесу » СШ №38
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№38 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-17-92
Есепші:
+7(7262) 34-17-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жамбыл облысы ІІД бөлімінің қызметкерлермен кездесу
26
қазан
2021

Жамбыл облысы ІІД бөлімінің қызметкерлермен кездесу

26 қазан күні №38 орта мектебіне Жамбыл облысы ІІД бөлімінен қызметкерлер келіп кәсіптік білім беру бойынша жұмыстар жүргізді. Іс-шара АКТ залында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Барлық санитарлық нормалар сақталды. Оқушыларға академия туралы толық мәлімет берді, видео көрсетті, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы — жоғары оқу орны болып табылады, онда күндізгі және сырттай оқыту факультеттерінде жедел-іздестіру қызметі және тергеу-криминалистикалық маманданулар бойынша «құқық қорғау қызметі» мамандығының жоғары заңгерлік білімі бар мамандарын даярлау жүзеге асырылады. Институтта оқуға үміткерлер денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, жалпы орта, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білімі бар 25 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан іріктеледі. Инситуттағы барлық оқу кезеңі (4 жыл) шұғыл әскери қызметті өтуге теңеледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі ретінде есептеледі. 3- курстан кейін тыңдаушыларға «В» категориялы автокөлікті жүргізу құқығына куәлік беріледі. Оқу процесінде тыңдаушылар казармалық жағдайда болады, үш мезгіл ыстық тамақпен және формалы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, шәкіртақы алады. Осының барлығы ІІМ қаражаты есебінен жүргізіледі, яғни ақысыз негізде. Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл мемелекеттік қызметтің ерекше түрі. Институт түлектеріне «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріледі, олар міндетті түрде ІІО-ның аумақтық бөліністерінде жұмыспен қамтамасыз етіледі және сол бөлінген жұмыс орындарында 5 жыл үздіксіз қызмет өткеруі тиіс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив