05
мамыр
2021
Нархоз университетінің өкілдерімен кездесу
4 мамыр күні №38 орта мектебінің 11 сынып оқушылары Нархоз университетінің өкілдерімен кездесті. Кездесу онлайн форматта болды. Зум қосымшасы арқылы жүргізілген вебинарға мектептен 55 оқушы қатысты. Мұнда Университет өкілдері мамандық түрлерімен таныстырды. Болашақта қай бағытты жұмыс атқара алатын маман болатындары да сөз етілді. Оқу орынның корпустары мен оқу процесі, ЖОО мәртебесі жайлы мәлімет берді. Мемлекеттік грант ала алмаған, жақсы оқитын студенттерге де оқудың ақысынан қысқартатыны жайлы да ескертілді.


