«Мамандықтар әлемі, келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтар»
Наурыз айында 8-11 сыныптарға арналған «Мамандықтар әлемі, келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтар» тақырыбындағы ақпараттық жиын өткізілді. Аталған сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Бұл вебинар онлайн форматта ЗУМ платформасы арқылы жүзеге асарылды. Ақпараттық жиында болашақта сұрасынсқа ие болатын мамандықтар жайлы сөз етілді және оларды таныстыру туралы презентация көрсетілді. Мұндағы негізгі мақсат оқушылардың болашақ мамандығын қателеспей, мейлінше дұрыс таңдауына ықпал ету. Жиында оқушыларға болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар мен олардық маңыздылығы жайында презентация көрсетілді. Оқушыларға мәлімет беріп, олардың пікірлері тыңдалды. Қазіргі заман талабына сай құндылығы төмендеп бара жатқан мамандықтар қатары да сөз етілді. Әр мамандықтың болашақтағы мүмкіншілігі қарастырылды. Оқушылардың қойған сауалдарына толық жауап беріліп, өз ойлары тындалды. Аталған сынып оқушылары болашақ мамандықтар туралы көптеген мәлімет алды.
