13
желтоқсан
2019
№8 гимназиясында 11 сынып оқушыларына ұйымдастырылған Алматы Менеджмент Университетінің "Ашық есік күні" іс-шарасы болды.
6 қараша күні Төле би атындағы №8 гимназиясында 11 сынып оқушыларына ұйымдастырылған Алматы Менеджмент Университетінің "Ашық есік күні" іс-шарасы болды. Аталған іс-шараға №38 орта мектебінің 11 сынып оқушылары да қатысты. Ашық есік күнінде Алматы Менеджмент Университетінің мамандары оқу орны туралы, мамандықтары жайында ақпарат берді. Сондай-ақ, конкурс, олимпиадаға қатысып, жүлделі орын иеленген оқушыларға грант тағайындайтындарын да мәлім етті.