16
сәуір
2020
Ұстаздарға алғыс! Благодарность учителю!
Қайырлы күн, достар! Ұстаз қауымы - жаратылысынан естіген, көрген нәрселерін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, өнер мен білімге құштар, аса зор ақыл иелері. Қазіргі таңда мұғалімдер оқушыларға қолдау көрсетуге дайын; оны осы 6 –шы сәуірден бастап барлық әріптестерім қашықтықтан оқыту форматы бойынша сабақ беруде. Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққанда бойымды қорқыныш ұялады. Бір жағынан, қызығушылық пайда болды. «Қалай білім берер екенбіз?», «Оқушылар қалай қабылдар екен?» деген сұрақтар мазалады. Қазіргі оқушылар өте ақылды, дарынды, сондықтан оқушыларым еш қиналмастан оқу бағдарламасын үйіріп алып кетті. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, үлкен жауапкершілігімен белсенді түрде сабаққа қатысады. Әрине бастауыш сынып оқушыларына ата - аналардың көмегі қажет, осы тарапында ата - аналарға үлкен алғысымды білдіремін. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К.Д.Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдейтін уақыт келді.
Еденова Балауса Жанабекқызы №38 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Еденова Балауса Жанабекқызы №38 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
