05
шілде
2017
Мектеп тарихы
№ 38 орта мектебінің даму тарихы
№ 38 орта мектебі 1969 жылы ашылып алғашқы шәкірттерін қабылдады. 1970 жылы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебі атанды.Мектептің сыйымдылығы 1320 оқушы, 39 оқу бөлмесінен тұратын, 128 мұғалім дәріс беретін, қазыналы білім ордасына айналған №38 орта мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиғының нәрін алған мектеп түлектері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Мектебімізде 1983-1996 оқу жылы тек орыс сыныптарын оқытты. Алғаш рет қазақ сыныптары 1996-1997 оқу жылында ашылып, аралас мектеп статусы берілді. Ашылған күннен мектеп оқу-тәрбие үрдісінде оқушының дарындылық қабілетін дамытуды қолға алды. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі мектебіміздің жақсы көрсеткіштерге жетуіне негіз болды.
Мектебіміз 46 жыл ішінде осы ұжымда ұрпақ тағдырына алаңдап, мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан ұстаз атына лайықты бірқатар білікті директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек. Осындай тұғыры биік тұлғаның бірі №38 орта мектеп тарихында барлық саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім ордасының дамуына сүбелі үлес қосып, Бисенгалиева Мадина Сурагановна 2010 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
1320 оқушыға арналған мектепте бүгінгі таңда 65 сыныпта -1474 оқушы болса, 6 сыныпта, 148 оқушыдан тұратын мектепалды даярлық тәрбиленушілер білім алуда.
Мектеп гимараты төрт қабатты. Спорт зал-1; мәжіліс залы-1 (150 орын); асхана-1(200 орын) ; компьютерлік сынып-2, компьютер техникасының саны-96 (1 компьютерге 15 оқушыдан келеді). Интерактивті тақтасы бар кабинеттер саны-6.