Ата аналарға
Сәтті күн болсын, құрметті ата - аналар!
Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"
1.Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық– жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.
4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.
Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?
(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)
• Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.• Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
• Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
• Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
• Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
• Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
• Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
• Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
• Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
• Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.
Ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер
МЕКТЕП - БАЛА ҮШІН ЖАҢА ӨМІР
Қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі -баланың мектепте оқуға дайындығы болып табылады.Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуден өтпеу мүмкін емес, бірақ оны едәуір немесе жартылай болсын жеңілдету- орындауға болатын міндет.
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ:• Дене,
• Адамгершілік,
• Психологиялық,
• Ақыл-ой.
ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
СанПин 2.42.1178-02 келісілген санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының гигиеналық талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы болып табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.
АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:
1) мұғалімдермен қатынасын құра білу;
2) сыныптастарымен тіл табыса білу;
3) сыпайылық, ұстамдылық, тіл алушылық;
4) өзін-өзі бағалауы
5) өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.
6) басқаның көзқарасын қабылдау, өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау;
7) ата-аналар тарапынан берілген көмек бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде болу керек.
Өз балаңыздың жетістіктерін басқа балаларға қарап салыстырмаңыз. Баланы «баға» үшін оқытуға болмайды. Одан да тіпті кішкене жетістігі болса да, үнемі мақтап отыру керек.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ:
1) Бұл баланың оқудың маңыздылығын, қажеттілігін нақты түсінуі; Жаңа білім алуға қызығушылық танытуы;
2) Бұл мұғалімді тыңдай білуі және оның берген тапсырмаларын орындай білуі;
3) Үлкендермен, сыныптастарымен тіл табыса білуі (үлкендердің беделін сезінеді, қарым-қатынасқа жеңіл түседі, кез келген қиындықтан шыға білуге тырысады);
4) бұл ойлаудың,зейіннің, естің дамуының анықталған деңгейі.
МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:
• Қолдың ұсақ қимыл-қозғалысының дамуы (қол жақсы дамыған, бала қарындашты , қайшыны сенімді ұстайды);
• Кеңістіктегі қозғалысты сезіну ( жоғары-төменді, алға-артқа, оңға-солды дұрыс анықтау);
• Көз бен қолдың жүйесінің координациясы - (бала көзбен алдындағы (мысалы,кітаптағы); графикалық бейнені, фигураларды, өрнектерді дәптерге дұрыс түсіру.
МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:
• Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);
• Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырамаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);
• Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу: есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).
АҚЫЛ-ОЙ ДАЙЫНДЫҒЫ
• Ең маңызды көрсеткіш — бұл сөйлеу мен ойлаудың дамуы.
• Балаға «сондықтан да», «егер де», «себебі» деген сөздерді пайдаланып, талдаулар, қорытындылар жасауға үйрету өте пайдалы.
• Сұрақты дұрыс қоя білуге, жауабын тыңдай білуге үйретіңіз. Бұл өте пайдалы. Ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады. Ойлан деп жай айтқаннан баланың ойы іске аспайды.
• Сөйлеу – оқу үрдісінің негізі болып табылады. Ең маңыздысы монологиялық сөйлеудің дамуы. Бала үшін бұл әңгімелеп беру. Оқып болған соң балаға сұрақтар қойып талдатыңыз.
• Негізгі назарды кеңістікті бағдарлай алуға аудару керек. Бала сөзінде ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, пайдалана ала ма: жоғары, төмен, артқа, төмен, жоғары, аралық, алдында., артында, алдынан, от…, сзади артынан, жанында , алысырақ т.б.
БАЛА ОҚУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕМЕС, АЛҒАН БІЛІМІНІҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ
• Жай оқып шығу ғана емес, сөйлеуді қоса дамыту керек. Жазу жазғанда қол қимылдарының дамуына назар аудару керек.
• Баланың толыққанды дамуы үшін ересектермен дамыту ойындарын ойнау, кітап оқуды тыңдату, сурет салғызу т.б пайдалы
ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»
• ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;
• ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;
• ҮЛКЕНДЕРГЕ БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;
• СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;
• ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;
• ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;
• АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЗ БІЛУ,ЖАЛПЫЛАЙ АЛМАУ, ЖІКТЕЙ АЛМАУ, АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ ТАБА АЛМАУ;
• ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;
• ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;
• СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.
ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:
Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыңыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.
Бірге тәрбиелейік
1 сынып ата-аналарымен жұмыс
«Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .
Мектепке дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.
Венгер Л. А.
Бірінші ереже:бірге бөлісу арқылы, барлығымыз бірге, біз барлық қиындықтарды жеңеміз.
Екінші ереже:ешқашан өз балаңызды басқалармен салыстырмаңыз.
Екінші өсиет:Кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау керек.
Үшінші өсиет:баланы айналасындағылармен тіл табыса білуге үйрету керек.
Төртінші өсиет:балаға қайырымдылық пен зұлымдықты, адамдардың шынайы ниетін тани білуге үйрету керек.
Бесінші өсиет:балаға өз бетінше ар-намыспен , мақтанышпен, өмірге қауіпсіз жолмен өмірлік ситуациялардан шыға білуге үйрету керек.
"Екі бақа” туралы аңыз:
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.Баладан ата-аналарға жаднама
Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер, онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді.
Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді , барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар. Бұл сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады.
Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай подходты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі.
МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар.
Мені өзімді кішкентай сезінуіме жол бермеңіздер. Мен әйтпесе «жылауық», «қыңыр» болып ұтылам.
Менің әділдігімді қатты сынға ала бермеңіздер. Үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деп қорқып, оңай өтірікшіге айналуым мүмкін.
Өздеріңіз орындай алмайтын уәдені бермеңіздер – бұл сіздерге деген сеніміме нұқсан келтіреді.
Менің қорқыныштарым және қауіптенулерім сіздерде алаңдаушылық туғызбасын. Әйтпесе мен одан сайын қорқатын боламын. Нағыз ЕРЛІКТІҢ қандай болатынын көрсетіңіздер.
Есте ұстаңыз! Бала – біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы. Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз.
Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі
(Ата-аналармен жұмыс)
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.Міндеттері:
- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.
Тренинг бағдарламасы:
Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу.
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Жағдаяттар шешу:
2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.
• Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
• Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.
Біз бақытты жанұямыз:
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
Аяқталмаған сөйлем:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
– Егер балаға үнемі күлсе, ...
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
– Егер бала төзімділікте өссе, ...
– Егер бала адалдықта өссе, ...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Дұрыс жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).
– Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).
– Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).
Кінәлі сөздер
1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
2. Неге сен басқа балалардай емессің?
3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.
4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
Дұрыс жауаптары:
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:
1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.
2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.
3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».
5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.
Сіз қандай ата-анасыз?
- Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
- Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
- Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
- Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
- Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
- Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
- Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
- Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
- Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
- Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
- Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?
- Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
- Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
Кейде ғана келісемін – 2 балл.
Келіспеймін – 1 балл.
Сауалнаманы бағалау:
0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.
Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
1 сынып ата-аналарына!
Құрметті ата-ана! Балаңыздың бірінші сыныпқа бейімделу процесін зерттеу, сынып жетекші, психолог тарапынан психологиялық тұрғыда көмектесу мақсатында төмендегі сауалнаманы жолдап отырмыз. Мүмкіндігінше әр сұраққа толық, әрі ашық жауап күтеміз. Қосымша айтарыңыз болса да қуана қабылдаймыз.
1. Мектепке балаңыз көтеріңкі көңіл-күймен барады ма?
______________________________________________________________________________2. 2. Жаңа күн тәртібін қабылдауы қалай болды?_________________________________________________________________________
3. Оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін уайымдайды ма?______________
______________________________________________________________________________4. 4. Сізбен мектепте болған жағдайларымен ой бөлісе ме?_________________________
_________________________________________________________________________
5.Эмоционалды қабылдауы қалай?___________________________________________
6. Үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарды қалай қабылдайды?______________
7. Сыныптастарына жиі көңілі толмай ма?_____________________________________
8. Оқу жүктемесін (учебная нагрузка) игеріп жүр ме? Қиналмай ма?_______________
9. Қосымша айтарыңыз бар ма?_______________________________________________
______________________________________________________________________________
"Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырар.Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.
Қорытынды:
• Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
• Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
• Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
• Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!
Тұлға тәрбиесіне ата-ананың ролі
ТРЕНИНГ
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.1-тапсырма
Ата-аналар мен ұстаздардың кездесуі.
2-тапсырма
Ойынға қатысушыларарасындағықарым-қатынасты орнату.
3-тапсырма
Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу
І бөлім
1. "Кездесу”
2. Ассосация "Жанұя”
(Доп беру арқылы жақсы қасиеттер айту)
Балаңыздың туған күні?Балаңыздың парталас көршісі кім?
Бүгін сабақтан қандай баға алды?
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?
ІІ бөлім
Жалпылау
(Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру)
Газет бетіндегі мақала-лардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбие-ге байланысты сұрақ-тарды тыңдап, қарап жүресіз бе?Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бір-дей ықпал жасай ма?
Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?
Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?
Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз?
Ол үйде не істейді? сіздерге көмектеседі ме?
ІІІ бөлім.
Ой жинақтау.
Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі.
Абай Құнанбаев.