06
қыркүйек
2019
№38 орта мектебінде ашық есік күні болғаны жайлы хабарлайды!
Сұрақ: ата-ана: Тегін тамақпен қандай балалар қамтылады?
Жауабы: мектеп директоры Бисенгалиева М.С
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы еткен: «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын негізге ала отырып, санитарлық – гигиеналық талаптар орындау туралы қамтамасыз ету мақсатынының бұйрығы бойынша
Тегін ыстық тамақпен көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді.
Ыстық тамақты ұйымдастыру тікелей жауап беретін әлеуметтік педагог Э.Бастароваға жүктелінді.
Сұрақ: ата-ана: Бірыңғай форманың мемлекет бекіткен стандарты бар ма?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес аталған талаптар «білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған».
«Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді», - делінген құжатта.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.
Сұрақ: ата-ана: Сіздерде оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға қандай көмектер көрсетіледі?

Психотесттер алынады, түрлі дөңгелек үстелдер өткізіледі. 10 сыныпқа қабылдау кезінде оқушылардың болашақ мамандығын таңдауына байланысты бағыттарға бөлініп оқытылады.
Сұрақ: ата-ана: 9-шы сыныптан кейін тегін кәсіптік білім алуға мүмкіндік бар ма?

9-шы сыныптан кейін көп балалы отбасынан және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен мүгедек балаларға мемлекет грант бөледі. Арнайы құжаттар тапсыру арқылы тегін оқуға болады.
Сұрақ: ата-ана: Бастауыш сынып оқушыларына міндетті түрде жұмыс дәптерін сатып алу керек пе?

ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы xатында жұмыс дәптерін қолдануға қатысты толық нұсқаулық дайындаған болатын. Бірақ барлық мектептерде оны қолданып жатқан жоқ. Жақында болған тамыз конференциясында осы мәселе тағы көтеріліп, жұмыс дәптерін міндеттемеуді барлық мұғалімдерге жеткізілді.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов:
«Жұмыс дәптерін пайдалану міндетті шара емес. Сондықтан ата-аналарды оны сатып алуға міндеттеуге болмайды. Бұл - қосымша материал. Сондықтан оны сатып алу, я сатып алмау - әрбір адамның өз еркі. Сатып аламын десе, қолдануға болады. Бірақ біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Жұмыс дәптері міндетті материал емес. Біреулер оны сатып алуға міндеттесе, біз тиісті шараларды қолданамыз. Себебі жұмыс дәптерін талап ету заңсыз».
Жұмыс дәптерінен бөлек xрестоматия да болады. Кейбір сыныптарда басқа да материалдар бар. Бұның барлығын ата-аналар өз еркімен алады. Мәселен, мектеп оқушыларының сөмкелері ауыр. Себебі, оқулықпен бірге жұмыс дәптері де сатылады. Ондай дәптерлер кей кезде оқулықпен бірдей болады.
Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым вице-министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс дәптерлері бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеп жатыр. Әйтпесе, кейбір дәптерлердің салмағы кітаптан да ауыр.