27
қыркүйек
2019
1 қыркүйек "Білім күні"
1 қыркүйек "Білім күні" мерекесіне орай, "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" атты алғашқы қоңырау мерекелік іс-шарасы өтілді. Мектеп басшылығы мектебімізге алғашқы қадамдарын жасаған 1-ші сынып оқушыларын қабылдап, барша оқушылар мен ұстаздарымызды 2019-2020 жаңа оқу жылымен құттықтады! Өнерлі өрендеріміз ән салып, би билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар "алғашқы қоңырау" соғылып, 1-ші сынып оқушыларын 11-ші сынып оқушылары құрметпен мектепке алып кірді.