«Болашаққа бағдар»
21 қараша күні 11 сынып оқушылары «BOO- CLOUD» білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырған «Болашаққа бағдар» тақырыбындағы семинар- тренингке қатысты. Мектептен 16 оқушы барып, өз білімдерін жетілдірді. Семинар-тренингті аталған білім ордасының өкілдері жүргізді. Мұнда оқушыларға ҰБТ-дан жоғары балл жинаудың құпиялары мен болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға үлкен көмек көрсетілді. Оқушылармен ой-пікірлерімен санаса отырып, ашық әңгіме құрылды.