16
қазан
2020
«Мамандықты дұрыс таңдау»
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні 11 сынып оқушылары «Galaxy» білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырған «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбындағы семинар- тренингке қатысты. Мектептен 42 оқушы барып, өз білімдерін жетілдірді. Семинар-тренингті аталған білім ордасының өкілдері жүргізді. Мұнда оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға үлкен көмек көрсетілді. Оқушылармен ой-пікірлерімен санаса отырып, ашық әңгіме құрылды. Семинар-тренинг оқушыларға пайдалы болды және жоғары дәрежеде өтті.


