Алматы менеджмент университеті өкілдерімен кездесу
19 қазан күні 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, үгіт-насихат жүргізу үшін Алматы менеджмент университеті өкілдері келді. AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды. Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы кезеңнен табысты түрде өткен Алматы менеджерлер мектебі (АММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертіліді. ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды. Жаңа стратегиясына сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген жаңа атау беріліп, кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.
Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады. Түлектерге аталған оқу орнына қалай түсуге болатыны жайлы толық мәлімет берілді. Оқушылардан сауалнама алынды. Сол байланыс телефондары арқылы оқу орны олимпиадалар мен гранттар жайлы мәлімеғт беріп отырады.
