14
мамыр
2021
Тараз аймақтық мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесу
13 мамыр күні Тараз аймақтық мемлекеттік университетінің өкілдері мектептегі штаттық режимде оқып жатқан 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында барлық санитарлық нормалар сақталды. Арақашықтық сақталып, маска киілді, антисептикпен заласыздандыру жұмыстары жасалды. Аталаған университет өкілдері ЖОО туралы мәлімет берді. Барлық мамандықтар туралы ақпарат беріп, фото-суреттер көрсетілді. Оқуға тапсыру үшін керек құжаттар мен талаптар туралы да ескертті. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, өзара байланыс орнатылды.
