«Адам өміріндегі жұмыс пен еңбектің маңыздылығы»
Қаңтар және ақпан айларында мектеп бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында «Адам өміріндегі жұмыс пен еңбектің маңыздылығы» тақырыбы аясында сынып сағаттары өткізілді. Әр сынып жетекшіөз сыныбымен сынытпан тыс уақытта аталған тақырып аясында әртүрлі форматта сынып сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары екі түрлі форматта болды. Сынып онлайн форматта оқып жатса, сәйкесінше ЗУМ платформасы немесе ватсап желісі арқылы жүргізілді. Ал мектептегі кезекші сыныпта оқып жатқан 1-4 сынып оқушыларына офлайн форматта болды. Бұл сынып сағатының мақсаты- оқушыларға еңбек етудің маңыздылығы мен пайдасы, оның адам өміріндегі рөлі туралы түсіндіру болатын. Әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескере отырып, дайындалған видеолар мен фото суреттер қолданылды.
