03
сәуір
2020
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:
🖊 сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
🖊 сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
🖊 компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
🖊 арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
🖊 сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
🖊 балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);
🖊 Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
🖊 сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
🖊 егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз;
🖊 оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
🖊 мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
🖊 сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
🖊 балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
🖊 мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
🖊 сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
🖊 сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.