Түлек KZ » СШ №38
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№38 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-17-92
Есепші:
+7(7262) 34-17-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Түлек KZ
Мектебіміздің түлегі - Іскендір Берекет Тажраханұлымен кездесу өтті
28
ақпан
2023
Мектебіміздің түлегі - Іскендір Берекет Тажраханұлымен кездесу өтті
        Мектебіміздің түлегі- Қазақстан Республикасы қорғаныс министірлігі құрлық әскерінің әскери қызметшісі, капитан - Іскендір Берекет Тажраханұлымен кездесу өтті.         Құрметті түлек, көздеген мұрат - мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыз орындалсын. Келешегіңіз кемел, болашағыңыз нұрлы болсын.   ​https://www.instagram.com/p/CpNp5e5gP27/​​​
Түлекпен кездесу
05
мамыр
2020
Түлекпен кездесу
Жуандықов Бауыржан ТОО Жамбыл электр желісінде жобалау тобының басшысы болып жұмыс істейді. 9 "А" сыныбымен "Білімді ұрпақ - кемел болашақ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Менің мектебім
24
сәуір
2020
Менің мектебім
14 ақпан күні мектебіміздің бітіруші оқушыларымен бұрын бітіріп кеткен түлегіміз Байлыбаев Асқар кездесу өткізді. Кездесу барысында өзінің жеткен жетістіктері мен оларға жету жолдарын айтты. Байлыбаев Асқар Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы әскери қызметте жұмыс атқарады. Ол болашақ түлектерді патриот болуға, Отанына адал қызмет етуге шақырды.
Түлекпен кездесу
24
сәуір
2020
Түлекпен кездесу
3 ақпан күні мектебіміздің түлегі, Лунев Илья Михаилович, мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Лунев И.М. -Астана қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі болып қызмет атқарады. Кездесу барысында оқушыларға тәрбиелік маңызы зор мәліметтер беріп, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға шақырды.
Кәсіби бағдар беру бойынша ұйымдастырылған іс-шара туралы мәлімет
10
наурыз
2020
Кәсіби бағдар беру бойынша ұйымдастырылған іс-шара туралы мәлімет
27 қаңтарда №38 орта мектебіне қалалық әкімшілік жанындағы діни істер басқармасының мүшелері келді. Мұндағы мақсат мектеп түлектеріне дінтану мен дін істері мамандығын дәріптеу болатын. Осы мамандық иесі жайлы керекті мәліметтерді берді. Оқушылармен ашық сұқбат құрды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Дінтану мамандығының болашақтағы маңызы туралы да сөз етілді.
№38 орта мектебінде «Мектебіме, мың алғыс» акциясының  «Түлектер сабағы» аясында өткізілген іс-шара туралы мәлімет
10
наурыз
2020
№38 орта мектебінде «Мектебіме, мың алғыс» акциясының «Түлектер
«Менің мамандығым» атты іс-шара өтті. Мектебіміздің түлегі, қазіргі №16 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Қапалбаев Абзал бейінді сынып оқушыларымен тәрбие сағатын жүргізді. Тәрбие сағатында оқушылардың болашақтағы мамандық таңдауына ықпал ету мәселесі қарастырылды. Мамандық түрлері мен ерекшеліктері жайлы сөз етілді. Оқушылардың қызығушылық танытқан сауалдарына толық жауап алды.
«Өркен-Ниет» қоғамдық қорының «Жарқын болашақ» жобасы бойынша  мектеп оқушыларына көрсетілген қөмек туралы  мәлімет
10
наурыз
2020
«Өркен-Ниет» қоғамдық қорының «Жарқын болашақ» жобасы бойынша мектеп
Тараз қалалық әкімдігінің білім бөлімі мен «Достық» білім беру орталығының қолдауымен 11 –ші сынып оқушыларының аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан немесе әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көмек көрстеу мақсатында тегін оқу жолдамалары берілді. Аталған іс-шараға қаладғы барлық мектептің жоғары көрсетілген санаттағы оқушылары қатысты. Оқушылардан сынама тест алынып, нәтижесінде жоғары балл жинаған оқушылар келесі кезеңге өтілді. Сол оқушылардың тұрмыстық жағдайы тексерілгеннен
ҰБТ-ға дайындық мақсатында U-Study білім беру орталығы ұйымдастырған іс-шара бойынша мәлімет
10
наурыз
2020
ҰБТ-ға дайындық мақсатында U-Study білім беру орталығы ұйымдастырған
20 қыркүйек күні U-Study білім беру орталығының шақыруымен мектептің 11 сынып оқушылары іріктеу тестіне қатысты. Тест ақысыз негізде болды. Оқушылар негізгі 3 пән бойынша сынама тестін тапсырды. Барлығы 60 минут уақыт берілді. Сынама тест баяқталғаннен кейін аталған білім беру орталығының ұстаздары оқушылармен болашақ мамандықты дұрыс таңдау туралы ашық әңгіме құрды. Түрлі қажетті ақпараттарды берді.
«Өркениет- Ниет» қоғамдық қорының «Жарқын болашақ» жобасы бойынша мәлімет
10
наурыз
2020
«Өркениет- Ниет» қоғамдық қорының «Жарқын болашақ» жобасы бойынша
«Өркен- Ниет» қоғамдық қорының «Жарқын болашақ» жобасының аясында тегін білім алуға ниет білдірген 11 сынып оқушыларының іріктеу жұмыстарын жүргізді. Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар білім беру орталықтарында тегін курстарға қатысады. №38 орта мектебінен 7 оқушы іріктеуге қатысты. Іріктеу тесті 3 сағат 50 минут болды. Оқушылар 5 пән бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Аталған іс-шара №38 орта мектебінде жүргізілді және қаланың барлық мектептері қатысты.
Кәсіптік білім беру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында ұйымдастырылған семинар-тренинг бойынша  мәлімет
10
наурыз
2020
Кәсіптік білім беру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында
20 қыркүйек күні 11 сынып оқушылары U-Study білім беру орталығы ұйымдастырған «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбындағы семинар- тренингке қатысты. Мектептен 24 оқушы барып, өз білімдерін жетілдірді. Семинар-тренингті аталған білім ордасының өкілдері жүргізді. Мұнда оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға үлкен көмек көрсетілді. Оқушылармен ой-пікірлерімен санаса отырып, ашық әңгіме құрылды. Семинар-тренинг оқушыларға пайдалы болды және жоғары дәрежеде өтті.