№ 320 қаулысы
Қазақстан Республикасы |
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Мемлекет білім алу кезеңінде:
3) көп балалы отбасылардан шыққан балалардың;
4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалардың;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалардың;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерінің;
8) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарда ұзақ уақыт оқып жүрген балалардың;
9) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқып жүрген студенттердің;
10) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқып жүрген студенттердің;
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтардың шығыстарын ішінара өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға мемлекет тамақтандыру құнының 80 пайызы мөлшерінде тамақтандыру шығыстарын өтейді (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады).
Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқыған кезеңде олардың жатақханада тұру шығыстарын мемлекет жылына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген жиырма тоғыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы адамдар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында оқыған кезеңде олардың жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы мөлшерінде республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен тегін ыстық тамаққа құқығы бар.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет ыстық тамаққа кететін шығыстарды жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінен өтейді.
Тамақтану шығыстары жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында оқып жүрген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмекті осы мемлекеттік органдар көрсетеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.08.2023 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;
4) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс);
7) осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстар сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталуға тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.08.2023 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6-1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналасқан кезде мынадай растайтын құжаттардың бірін ұсынады:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтаманың көшірмесі;
2) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері не жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымнан анықтама;
3) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар үшін – мүгедектік туралы анықтама.
Ескерту. Қағидалар 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.08.2023 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Білім беру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтер ұсынуы және әлеуметтік көмек алуға әсер ететін жағдаяттар туралы уақтылы хабарламауы азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту болып табылады.
Бас тартылған жағдайда жазбаша түрде әлеуметтік көмек ұсынудан бас тарту себептері туралы дәлелді жауап беріледі.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымының басшысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға каникул кезеңінде білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдар мен отбасыларға жол жүруін, тәуліктік шығыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен қаржыландыруды;
2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлуді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алу кезеңінде жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы беріледі.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымының басшысы мүмкіндігіне қарай:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың шығындарын білім беру саласындағы уәкілетті орган не бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.