«Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы» айлықтың жоспарына сәйкес «Іс — әрекеттер мен жауапкершілік» тақырыбында "ЖасҰлан" ұйымы мүшелері және мектеп тәлімгері Г.С.Шинтемированың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс —шараға білім алушылар белсене қатысты.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында мектебімізге "Аспара" мәнерлік өнер және бизнес колледжінің өкілдері келді. Оқушыларға дизайн, тігін өндіріс және киімді үлгілеу және шаштараз өнерін көрсетті.
Алғыс айту күні- елімізде тыныштық пен бейбітшілік саясатының салтанатты күні. Жақын адамдарға қайрымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық.