24 қыркүйек күні №38 орта мектебінде өткізілген аймақтық "Алтын сақа" жарысында біздің оқушылар асық ату, шекемтас ойындарынан алға шығып, финалдық ойынға жолдама алды. Сәттілік тілейміз!
27 қыркүйек күні мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Жас Қыран" ұйымы мүшелерімен, яғни 4-сынып оқушылары арасында "Толағай" атты спорттық эстафеталық жарыс өткізілді. Жеңіске жеткен топтар жүлделі орындармен марапатталды.
27 қыркүйек күні №38 орта мектеп оқушылары, М. Шолохов атындағы кітапханасының салтанатты ашылу сәтіне қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға кітапхананың жаңа бағыттары туралы көптеген маліметтер берілді.
На соревнованиях в Индии наша женская ватерпольная команда победила Китай. Во время исполнения гимна, на 8-й секунде прервался звук. Наши девочки допели гимн сами, чем сорвали овацию стадиона. В составе команды есть наша ученица- Наурызбаева Камила. Молодцы! 👍💪
МТЖ және "Елім-ай Достық" қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған қалалық "Халық достығы" атты фестивальге мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы, "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшесі Базарбай Гүлназ өзінің авторлық өлеңін оқып, марапатқа ие болды!