21
ақпан
2023
Нотариалды түрде сенімхатпен қалдырып кеткен, кәмелетке толмағандардың сенім білдірушілерінің қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді
2023 жылдың ақпан айының 21 күні №38 орта мектеп базасында Тараз қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген, Тараз қаласының полиция басқармасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің келісімімен жасалған жалпы білім беретін мектептерде оқып жүрген ата-аналары нотариалды түрде сенімхатпен қалдырып кеткендермен жүргізілетін жұмыстардың кестесі бойынша,Тараз қаласының білім бөліміне қарасты №№7,25,38 орта мектептердің нотариалды түрде сенімхатпен қалдырып кеткен, кәмелетке толмағандардың сенім білдірушілерінің қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жұмыс барысында сенім білдірілген тұлғалардың, ҚР Конституциясының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларын жауапкершілігіне алмаса, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысына құжат жинақталып тапсырылып, шара қолданылатындығы туралы ескертілді.
Түсіндіру жұмысына қатысушылар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
https://www.instagram.com/p/CpKCsKnA_3O/
Түсіндіру жұмысына қатысушылар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
https://www.instagram.com/p/CpKCsKnA_3O/