06
қараша
2019
"Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану"
6.11.2019 күні Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Түйтебаева А.О. ұйымдастыруымен "Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану" тақырыбында №38 орта мектебінде семинар өтілді. Семинарда А.Түйтебаева ҚР білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен таныстырып өтсе, №39 мектеп-гимназиясының ДОІЖО Г.Сертекова критериалды бағалаудың маңыздылығы мен ерекшелігі және пайдаланудың тиімділігіне мән беру туралы айтты. №46 орта мектебінің география пәні мұғалімі М.Божымбаева білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру, тоқсандық және жылдық баға қою мәселесі бойынша түсіндірді.